Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ересек балалар мен қыздар бірге тұрады": Ақтөбелік депутат балалар үйіндегі жағдайға назар аударуды талап етті

Опубликовано:

Депутат балалар үйіндегі жағдайға алаңдаушылық білдірді
Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбе облыстық мәслихат отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесі талқыланды. Депутат Бақыт Жаншаева балалар үйінде тұрып жатқан 5 пен 18 жас аралығындағы 43 науқас баланың жағдайына назар аударуды талап етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Балалардың тұрмыстық деңгейі өте нашар. Мысалы, бір бөлмеде ересек жеткіншек те, бес жасар бала да тұрады. Бұл жағдайда зорлық-зомбылықтың болуы таңғаларлық емес. Ғимараттың жалпы ауданы үш мың шаршы метрден асады. Бірақ 43 науқас бала 200 шаршы метрден сәл ғана асатын жерде тұрып жатыр. Бұл өте тар аумақ. Жасөспірім ұлдарды қыздармен бір бөлмеге орналастырған жағдайлар да кездесті. Неліктен оларға бөлек бөлме берілмейді?", - дейді Бақыт Жаншаева.

Полиция департаменті балалар үйіндегі жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандарға қатысты 36 қылмыс жасалғаны да мәлім болды.

"Қылмыстық оқиғаларға талдау жасау барысында балаларға қатысты зорлық-зомбылық өзінің биологиялық ата-анасы жоқ жерлерде көп кездесетінін анықтадық. Биыл ересек адамдардың балаларға сексуалдық зорлық-зомбылық жасауына қатысты 11 дерек тіркелді", - деді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев.

Облыстық мәслихатта балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жұмыстарын күшейту керектігі айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969888-eresek-balalar-men-qyzdar-birge-turady-aqtobelik-deputat-balalar-uiindegi-zagdaiga-nazar-audarudy-talap-etti/

pixel