Алматыда автосалондар жаңа көліктерді қосымша қондырғымен сатып алуды міндеттеген
Опубликовано:

Алматы қаласының прокуратурасы биыл ақпан айында автосалондардың қосымша қызметтерді, сондай-ақ жаңа автокөліктерді сатып алу кезінде аксессуарларды құру заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.
Прокурорлар автосалондардың мұндай әрекеті "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заңға қайшы екенін анықтады.
Ведомствоның ақпаратынша, тұтынушымен жасалған шарттарға тұтынушының құқықтарын бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптар енгізілмеуі тиіс. Тұтынушыны қажетсіз мөлшерде немесе ассортиментте өнімді сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады.
Прокуратураның мәліметінше, 5 мамыр күні қадағалау органы Алматы қаласы Бәсекелестікті дамыту және қорғау департаментіне заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізген.
"Қазіргі уақытта уәкілетті орган жаңа автокөліктерді сату бойынша дилерлік орталықтардың тауар нарығындағы бәсекелестік ортаның жай-күйіне талдау жасауды аяқтауда", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969889-almatyda-avtosalondar-zana-kolikterdi-qosymsa-qondyrgymen-satyp-aludy-mindettegen/