Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде дәрігерлер орташа есеппен 530 мың теңге жалақы алатын болды

Опубликовано:

Дәрігер11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

ОКҚ-да өткен брифинг барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстандағы дәрігерлердің жалақысы қанша пайызға артатынын хабарлады. 2022 жылы олардың айлығы 30 пайызға көбейген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният осы жылы ақ халаттылардың жалақысы 30 пайызға артқанын, қазір олар 416 мың теңге алатынын айтты.

Ал орта медициналық қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 20 пайызға көтерілді. Бұл шамамен 208 мың теңгені құрап отыр.

"2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 30 пайызға (531 мың теңге), орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға (249 мың теңге) артады",- деді министр өз есебінде.

Айта кетейік, осыған дейін министрлік коронавируспен күреске қанша қаражат жұмсалғанын хабарлаған еді. Сондай-ақ ведомство "стелс-омикронның" пайда болғанына қарамастан, елде карантин енгізілмейтінін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда карантиндік шектеулердің бәрі алынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969910-elde-darigerler-ortasa-eseppen-530-myn-tenge-zalaqy-alatyn-boldy/