Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында мүгедектігі бар жігіт шөл далада екі күн бойы адасып жүрген

Опубликовано:

иен дала11
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістандық полицейлер шөл далада екі күн бойы адасып жүрген жігітті тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство дерегінше, Отырар АПБ-ға кешкі сағат 17:00 шамасында Шәуілдір ауылының тұрғыны 102 желісі арқылы хабарласып, 29 жастағы 1 топтағы мүгедек ұлын жоғалтып алғанын айтқан.

Яғни, ұлы шалғайда орналасқан мал жайылымдық алқаптағы үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бір күн бойы іздеп таба алмаған баланың туыстары полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері хабар алысымен жедел қимылдап, жеке құрам толық жұмылдырылды. Құрамға еріктілер де қосылып, жалпы 50 адамнан құралған топ баланы іздеуге кіріскен.

Тәртіп сақшылары өзге де мал жайылымдық алқаптарды, Қызылорда облысы және Өзбекстан Республикасымен шектесетін құмды аймақтарға дейін түгел аралап шықты.

Нәтижесінде жоғалған бала 2 күннен соң 20 шақырым қашықтықтағы шөл даладан табылды. Тәртіп сақшылары оны аман-есен анасына табыстады.

Анықталғандай, бұл отбасының жеке мал жайылымдық алқабы болған. Онда вагон үйшігінен жасалған баспанасы да бар болып шықты. Жанұя мүшелері сыртта малдарының жем-суын беріп, абыр-сабыр болып жүргенде мүгедек ұлдың үйшіктен шығып кеткенін ешкім байқамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969929-turkistandyq-policeiler-sol-dalada-eki-kun-boiy-adasyp-zurgen-mugedektigi-bar-zigitti-tapty/

pixel