Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бес жасар баланың денесі қоқыстан табылды

Опубликовано:

Қоқыс төгетін орын
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың денесі қоқыстан табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Полицияның мәліметінше, баланың денесі Сарқан қаласындағы кірпіш шығаратын зауыттың маңындағы қоқыстан табылған.

Алдын ала болжам бойынша, бала 4-5 жаста. Бойы - 90-100 см. Баланың басы шамамен бес метр жерден табылған.

Болжам бойынша, ол қыз бала болуы мүмкін.

Қазір оның денесі мәйітханаға сараптама жасалу үшін жіберілген.

"Баланың өлі денесі қоқыстан табылғанын растаймын. Сарқан аудандық полициясына бала жоғалды деген шағым түспеген. Бұл іспен полиция айналасып жатыр",- деді Сарқан ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969957-almaty-oblysy-bes-zasar-balanyn-maiiti-qoqystan-tabyldy/

pixel