Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елорда мен Алматыда күн жаңбырлы болуы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық метеорологтар 19 мамырда еліміздің ең ірі үш қаласы - Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Алматыда күн жаңбырлы болады және найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 22-24 градус жылы, түнде 13-15 градус жылы болмақ. Жауын жауған кезде желдің күші 15 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда күндіз жауын-шашын болмайды, дегенмен түнге қарай жел күшейіп, найзағай ойнайды. Желдің күші 9-14 м/с дейін, екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 18-20 градус жылыны көрсетсе, найзағай кезінде 9-11 градус жылы болады.

Мамандардың дерегінше, Шымкентте күн ала бұлтты, бірақ жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауа температурасы 28-30 градус жылы, түнде 14-16 градус жылы болады деп болжанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969969-bugin-elorda-men-almatyda-kun-zanbyrly-boluy-mumkin/

pixel