Талдықорғанда жасөспірім үш көлік ұрлады деген күдікке ілінді (видео)

Опубликовано:

Өзен жағасындағы жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Талдықорғандық 16 жастағы оқушы үш көлік ұрлады деген күдікке ілінді. Оның тәртіп сақшыларынан қашқан сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Полицейлер күдіктіні ұстаған сәтін видеоға түсіріп алған. Ведомство мәліметінше, ол ұрланған шетелдік көлікпен тәртіп сақшыларынан құтылмақ кетуге тырысқан.

Алайда полицейлер жасөспірімді көп қабатты үйдің ауласынан қолға түсірді.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ұсталған оқушының Mitsubishi Galant, BMW және Mazda 626 маркалы көліктерін ұрлауға қатысқанын алдын ала анықтап отыр.

Үш оқиға 13-16 мамыр аралығында тіркелген. Көліктердің бірі Алматы қаласының шетінен, екіншісі Көксу ауданындағы Алғабас ауылының жанындағы кюветтен табылды.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 200-бабы ("Айдап әкету") бойынша жүргізілуде. Ұсталған бала қамауға алынған.

Полицейлердің хабарлауынша, жасөспірім толық емес отбасында тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ оның анасы 4 баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырғаны белгілі болды.

Дегенмен тәртіп сақшылары бозбала бұған дейін түрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет полицияға жеткізілгенін атап өтті.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969971-taldyqorganda-zasospirim-us-kolik-urlady-degen-kudikke-ilindi-video/