Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Алматы облысында жас отбасыларға үй беретін бағдарлама іске қосылмақ

Опубликовано:

Кілт
Көрнекі фото: Pexels

Биыл тамыз айында Алматы облысында жас отбасыларға баспана беретін бағдарлама іске қосылуы мүмкін. Бұл үшін 1 миллиард теңге бөлінгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның жазуынша, бұл мәселе дін, тіл, этносаралық қатынастар, ішкі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында қаралған.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Елдар Сапаровтың сөзінше, аталған бағдарламаға тек Алматы облысының жас отбасылары ғана қатысады.

Олар осы өңірде жұмыс істеуі тиіс.

"Бұл бағдарлама биыл тамыз айында жүзеге асады деп жоспарлап отырмыз. 1 миллиард теңге қаржы бөлінді. 100 отбасын баспанамен қамтысақ деген үмітіміз бар. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі (35 жасты қоса алғанда) жастар қатыса алады. Отбасын құрған болуы тиіс. Толық емес отбасылар да аталған бағдарламаға қатыса алады",- деді Елдар Сапаров.

Бағдарлама бойынша берілетін ақша 10 млн теңгені құрайды. Үстемесі 5 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін.

Сонымен қатар осы жобаға ниетті жас отбасылардың басында баспанасы болмауы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1969978-biyl-almaty-oblysynda-zas-otbasylarga-ui-beretin-bagdarlama-iske-qosylmaq/

pixel