Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да лауазымды тұлғалар танкіге ескі қозғалтқыш қою арқылы 1 млрд теңге жымқырған

Опубликовано:

Әскери техника
Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігі

Шығыс Қазақстан облысында "Семей машина жасау зауыты" АҚ лауазымды тұлғалары 1 млрд теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ұрлық қосалқы бөлшектердің құнын арттыру және еліміздің әртүрлі әскери бөлімдеріне пайдаланылған танк қозғалтқыштарын, сондай-ақ танк шлемофондарын жеткізу арқылы жасалған.

"Тергеу барысында "Семей машина жасау зауытының" бас директорының бірінші орынбасары Сүлейменовтің танктерге арналған жаңа қозғалтқыштардың орнына 1985-2012 жылдары шығарылған қозғалтқыштарды жеткізуді әдейі ұйымдастырғаны анықталды", - деді Қаржы мониторингі агенттігінен.

Семей сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, бұған дейін Семейде құрылыс компаниясының директоры алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970025-elimizde-askeri-texnikalarga-zana-qozgaltqystardyn-ornyna-eskisi-zetkizilip-otyrgan/

pixel