Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімен-өзі сөйлескен": Қорғаныс министрлігі ақтаулық сарбаздың оғаш әрекетіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Қорғаныс министрлігі Ақтау қаласындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметін атқарып жүрген сарбаздың психикасының бұзылуы жайлы әлеуметтік желілерге таралған ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Мәлімдеме ведомствоның Telegram арнасында жарияланды.

Министрліктің мәліметінше, 18 мамырда сағат 12.00-де бөлім басшылығы 25744 әскери бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер айналада болып жатқан оқиғаларға түсініксіз реакция көрсеткенін, өзімен-өзі сөйлесіп жүргенін байқаған. Болған жағдай жайлы сарбаздың ата-анасына хабарланған.

Жас жігітті медициналық тексерістен өткізу үшін облыстық ауруханаға жеткізген. Тексеру нәтижесінде (МРТ, мидың КТ және маманның кеңесі) дене жарақаттары мен қауіпті патологиялар анықталған жоқ. 19 мамырда сарбазды қайтадан мамандар тексереді.

Сонымен бірге ведомство әскерге шақырылушыны медициналық комиссиядан өткізіп, одан әрі әскерге жіберу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мәжбүрлеп жеткізуге қатысты ақпараттың да нақты емес екенін мәлімдеді.

"2022 жылғы 4 мамырда әскерге шақырылушыға белгіленген тәртіппен шақыру қағазы берілді. 11 мамырда ол шақыру пунктіне келді. Сол жерде оған және оның туысқандарына азаматтың басқа гарнизонға бармай-ақ, Ақтау қаласында қызмет өткеретіні мәлімденген болатын.

Бұдан кейін әскерге шақырылушы ретінде А. Қарулы күштердің қатарында қызмет етуге өтініш білдірді. Медициналық тексеруден өткенде денсаулығына ешқандай шағым жасаған жоқ", - делінген хабарламада.

Осы ретте, министрлік оқиғаға қатысты әскери полиция тексеру жүргізіп жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970035-ozimen-ozi-soilesken-qorganys-ministrligi-aqtaulyq-sarbazdyn-ogas-areketine-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel