Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда түнде көшеде жалғыз жүрген кішкентай қыз бала табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Фото: instagram.com/temirtau_police

Қарағанды облысы Теміртау қаласында көшелердің бірінен қыз бала табылды. Қазір тәртіп сақшылары баланың туыстарын іздеп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция басқармасы Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Теміртау ПБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері 19 мамыр күні сағат 00:40-та 7 шағын аудандағы көшеден қыз баланы тауып алған. Оның жасын анықтау мүмкін болмаған.

"Сағат таңғы 09:00-дегі жағдай бойынша "102" нөміріне жоғалған бала туралы ақпарат түспеді. Құрметті Теміртау тұрғындары, егер сіздер баланы танысаңыздар полицияға 102 немесе 8 702 145 65 35 нөмірі бойынша хабарласыңыздар", - дейді тәртіп сақшылары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырауда әжесінен адасып қалған 5 жасар бала жоғалып кеткенін жазған едік.

Тәртіп сақшылары оны көшелердің бірінде жылап келе жатқан жерінен тауып алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970057-temirtauda-tunde-kosede-zalgyz-zurgen-kiskentai-qyz-bala-tabyldy/

pixel