Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қоқыстан 5 жасар қыздың денесі табылды: Полиция баланың анасын анықтады

Опубликовано:

полиция қызметкері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысы Сарқан қаласында қоқыстан қыз баланың денесі табылған еді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бала мен оның анасының жеке басын анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қыз баланың денесін 17 мамыр күні Сарқан тұрғындары қоқыстың арасынан тауып алған. Оның жынысы мен жасын тек сыртқы киім арқылы анықтауға мүмкіндік болған.

Полицейлер баланың жеке басын және істің мән-жайын анықтау үшін тез арада қажетті шаралар жүргізген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында баланың және анасының кім екенін анықтадық. Ол Сарқан қаласының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел бұл оның қызы екенін, қызының церебральды сал ауруына шалдыққанын және туа біткен ақыл-ой кемістігі болғанын мойындады.

Оның айтуынша, биыл ақпан айында баласы ауырып, кенеттен көз жұмған. Осыдан кейін 21 жастағы ағасы екеуі қыз баланы қаланың шетіне жасырын түрде жерлеу туралы шешім қабылдаған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы қатаң бақылауда", - дейді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Ведомствоның мәліметінше, баланың анасы мен ағасы түсінік беру үшін полицияға жеткізілген.

Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қыз баланың мүрдесі сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар баланың денесі қоқыстан табылғаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970066-almaty-oblysynda-5-zasar-qyzdyn-denesi-tabyldy-policiya-balanyn-anasyn-anyqtady/

pixel