Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда тұтқындардың жаппай төбелесінен кейін колонияның 12 қызметкері жазаланды

Опубликовано:

Түрме
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оралда колонияда болған тұтқындардың жаппай төбелесінен кейін қызметтік тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде түзету мекемесінің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД-дың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бір адам атқарып отырған қызметінен шеттетілді, үш қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді, төртеуіне қатаң сөгіс жарияланды, тағы үшеуі сөгіс, біреуі ескерту алды", - дейді БҚО бойынша ҚАЖД-дың баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар төбелеске қатысушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін Оралдағы РУ-170/2 мекемесінде тұтқындар арасында жаппай төбелес болып, салдарынан 10 адам зардап шеккен еді.

10 минут ішінде кезекші жасақтың күшімен төбелес тоқтатылып, төбелеске қатысқандардың бәріне медициналық көмек көрсетілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970076-oralda-tutqyndardyn-zappai-tobelesinen-keiin-koloniyanyn-12-qyzmetkeri-zazalandy/

pixel