Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалады деген күдікпен ер адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Ақша
Видеодан кадр: Алматы ПД баспасөз қызметі

Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, кәсіпкер полицияға арызданған. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам 260 мың доллар бопсалап және физикалық күш көрсететінін айтып, қорқытқан.

Бұл дерек жедел және арнайы іс-шаралар барысында расталған.

Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берік Әбілбековтің сөзінше, расында 1981 жылы туған Н.есімді азамат физикалық күш көрсетемін деп қорқытып, кәсіпкерден ірі көлемде ақша талап еткен.

"Полицияның арнайы жасақтарының қатысуымен өткізілген іс-шара нәтижесінде күдікті қылмыс үстінде ұсталды. Рұқсат етілген тінту кезінде қаражат тәркіленіп, Қылмыстық кодекстің 194-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - дейді Берік Әбілбеков.

Полиция қызметкерлері арнайы іс-шараны бір күн бұрын кешкі 22:30 шамасында әл-Фараби даңғылында орналасқан дәмханалардың бірінде жүргізген.

Күдіктінің осы маңда тұратыны анықталды, сондықтан ол өзіне ыңғайлы жерде "кездесу" ұйымдастыруды ұйғарған.

Күдікті өз кінәсін мойындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970096-almatyda-kasipkerden-260-myn-dollar-bopsalady-degen-kudikpen-er-adam-ustaldy-video/

pixel