Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда далада қалған үш балалы анаға полицей үй жалдап берді

Опубликовано:

Полицей мен үш балалы ана
Оңайбек Оразақов өзі үй жалдап берген үш балалы анамен. Фото: Қостанай облыстық ПД

Қостанайда учаскелік инспектор қиын жағдайға тап болған үш балалы анаға көмектесті. Оңайбек Оразақов жанұяға уақытша баспана тауып беріп, оны жалға алу ақысын төлеп берген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, Қостанай қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне көшелердің бірінде көршілердің жанжалдасып жатқаны туралы туралы ақпарат келіп түскен.

Оқиға орнына учаскелік инспектор Оңайбек Оразақов барған. Жете салысымен, полицей үш балалы ананы көрген.

Өз кезегінде келіншек үш бүлдіршінін тек өзі асырап отырғанын айтқан. Отбасының баратын жері болмағандықтан, ол танысының үйінде тұра тұруды сұрапты.

"Анасы мен балаларын көргенде бейжай кете алмадым. Үлкен баласы небәрі 4 жаста, ал кішісі алты айлық екен. Оларға бірінші кезекте баспана бойынша көмектескім келді. Жатақханадан орын алып, оларды орналастырдым", - дейді учаскелік инспектор.

Одан бөлек полицей отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Келіншекке қостанайлықтар да көмек берген.

"Келіншек жәрдемақы алады. Бірақ бұл айда ақшасы түспеген екен. Сол үшін мен БЖЗҚ-ға жүгініп, құжаттары бойынша көмектестім", - деп қосты Оңайбек Оразақов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970103-qostanaida-dalada-qalgan-us-balaly-anaga-policei-ui-zaldap-berdi-foto/

pixel