Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда түнде көшеде адасып жүрген бүлдіршіннің туыстары табылды

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: Pexels.com

19 мамырға қараған түні Теміртаудағы ықшам аудандардың бірінен табылған кішкентай қыздың туыстары анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, қыз баланың жақындарын іздеу жұмыстары 12 сағатқа созылған. Полицейлер бүлдіршін жайлы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялап, еріктілерді жұмылдырған.

Бірлескен жұмыс өз нәтижесін беріп, түске қарай құқыққорғаушылар баланың жеке басын анықтаған.

Анықталғандай, бүлдіршін 2019 жылы дүниеге келген болып шықты. Қазіргі уақытта оның анасы іссапарда жүр екен. Анасы жоқта қыз балаға әжесі мен нағашы ағасы бас-көз болып қалған.

"Әжесінің сөзінше, 18 мамыр күні шөбересі үйде болған. Ал ұлы дүкенге шығарда бүлдіршін үйде қалғысы келмей, бірге шығып кеткен. Қанша уақыт өтсе де, ұлы үйіне оралмаған, телефон қоңырауына жауап бермеген.

Біршама уақыттан соң ол үйге келіп, бүлдіршінді жоғалтып алғанын айтқан. Ол өз бетінше аулаларды, подъездер мен түкпір-түкпірдің бәрін қарап шыққан. Алайда еш нәтиже шықпаған. Қызды табуға әлеуметтік желіде тараған ақпараттар көмектескен", - дейді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Ведомство сәбидің тағдырын және оның заңды өкілдерін жауапқа тарту туралы мәселені Теміртау әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия шешетінін атап өтті.

Анасы келгенге дейін қыз бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болады.

Айта кетейік, 19 мамырға қараған түні Теміртау көшелерінің бірінен кішкентай қыз табылған еді. Тәртіп сақшылары баланың ата-анасы мен туыстарын іздеуге бірден кірісіп кеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970112-temirtauda-tunde-kosede-adasyp-zurgen-qyz-balanyn-tuystary-tabyldy/

pixel