Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеудің архивінен қазақ хандары жазған хаттар табылды

Опубликовано:

Хат
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырларда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры Ж. Болдыков бастаған топтың Ресейдің Мәскеу қаласына сапары барысында белгілі болған.

Зерттеушілер еліміздің тарихына қатысты жазба мұралар мен құнды құжаттар тапқан. Атап айтқанда, Ресей мемлекеттік кітапханасынан ел тарихына қатысты 47 мыңға жуық әдебиет, сондай-ақ Ресей мемлекеттік тарихи-көпшілік кітапханасынан ХVII ғасырға тиесілі литографиялық кітаптар мен сирек жазба мұралар анықталған.

Одан бөлек 4 ғасырлық тарихы бар Ресей мемлекеттік әскери-тарихи архивінің қорын зерттеу барысында жер мәселесіне қатысты құжаттар, карталар мен бұйрықтар табылған.

Ал Сыртқы саясат архивінде XVII-XIX ғасырда жазылған қазақ хандарының хаттары сақталғаны белгілі болып отыр.

"Архив-2025" жоспарын іске асыру мақсаты бойынша Ресейде іссапарда жүрген мамандар ондағы архивтер мен кітапханалардағы Қазақстан тарихына қатысты құнды деректерді елге әкелмек.

Қазіргі таңда орталық директоры, PhD доктор Ж. Болдыков пен ғылыми қызметкерлер К. Паримбекова, Г. Бисенова, З. Дүкенбаева, Г. Өтепова, Н. Абельдиновтер Мәскеуде сақталған маңызды құжаттарды зерттеп-зерделеуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970126-maskeudin-arxivinen-qazaq-xandary-zazgan-xattar-tabyldy/

pixel