Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда апалы-сіңлілі бүлдіршіндерге күрделі ота жасалды

Опубликовано:

Ота
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматылық дәрігерлер жүректеріне бірдей диагноз қойылған бір отбасының екі қыз баласына күрделі ота жасады, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Апалы-сіңлілі бүлдіршіндер Қызылорда қаласынан келген. Олардың бірі үш жарымда, екіншісі екіде.

Екеуінің де туа бітті ашық артериалды өзек диагнозы қойылған. Яғни, жүректерінде саңылау болған. Кейін бітеліп кетеді дегенімен, біраз уақыттан кейін олар пневмониямен қайта-қайта ауыра берген.

"Пульмонологтар кардиохирургтың кеңесінен өтіңіз деді, сосын диагнозды білдік. Екі қызымда да жүрегіңдегі тесік бітелмеген екен. Негізі бала шақалақ кезінде бітеліп кетуі керек екен. Екеуіне де ота жасатайық деп шештік", - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Айнұр Нұрымова.

Ақ халаттылар қыздардың жүрегіне миниинвазивті, яғни операцияның бірегей жаңа әдісін қолдана отырып, ота жасаған. Қазір бүлдіршіндердің жағдайы жақсы. Бірер күнде ауруханадан шығады.

Дәрігерлер сәбидің жүрегіндегі саңылаумен өмірге келуіне тұқым қуалаушылық, әйелдердің жүкті екенін білмей дәрілер ішуі, флюография сияқты зерттеулерден өтіп қоюы әсер етіп жататынын айтады.

Медицина мамандары жүрегінде саңылауы бар балалар вирустық инфекцияға көп шалдығатынын атап өтті. Өкпесіне көп күш түсетіндіктен тез суық тиіп, бронхит сияқты дертке ұласып кетеді екен.

Сондықтан дәрігерлер егер балалар өкпе ауруларымен көп сырқаттана берсе, онда кардиологқа көрінген жөн екенін айта кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970133-almatyda-apaly-sinlili-qyz-balalarga-kurdeli-ota-zasaldy/

pixel