Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алды (видео)

Опубликовано:

Жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: Instagram/ almaty_kris_p

Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында ірі жол апаты болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар пайда болды. Кей деректерге сүйенсек, жол апаты салдарынан бір адам қаза тапқан.

Жол-көлік оқиғасы болған орында түсірілген видеолар Instagram-дағы almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Кадрдан алдыңғы жағы бағанаға соғылған көлікті, сондай-ақ құтқарушылар мен куәгерлердің зардап шеккендерді көліктен шығаруға тырысып жатқанын байқауға болады.

Zakon.kz-тың дерегінше, әл-Фараби даңғылында Toyota Camry Gracia мен Chevrolet Tracker соқтығысқан. Салдарынан Toyota жарнама бағанасына соқтығысқан.

Басылым жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алғанын хабарлады. Олардың жағдайы ауыр деп бағалануда.

NUR.KZ тілшісі қосымша ақпарат алу үшін қалалық полиция департаментіне жүгінді.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970189-almatyda-zol-apaty-saldarynan-bir-adam-qaza-tauyp-tort-adam-zaraqat-aldy-video/

pixel