"Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін": Алматы облысында куәгер бес жасар баланың мүрдесін қоқыстан қалай тапқанын айтты
Жарияланған күні:
Алматы облысының Сарқан ауданында бес жасар қыз баланың денесін қоқыстан тапқан куәгер оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Куәгер сарқандық тұрғын Мәди Мұхаметқалиевтің сөзінше, қоқыста жатқан бүлдіршіннің денесін алғаш болып оның балалары көрген.
Әкесі балаларынан сұмдық жайтты естіп, дереу оқиға орнына барған. Артынша полиция шақыртқан.
"Осыдан екі күн бұрын, яғни 17 мамыр күні түскі сағат 11:00 шамасында үйде демалып жатқанмын. Ұлым келіп "Әке, әке! Ана жерде нәрестенің сүйегі жатыр. Көріңізші, көріңізші?" дейді. Келсем, тура қоқыстың жанында баланың бас сүйегі жатыр. Денесі төменде жатыр екен. Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты", - деді Мәди Мұхаметқалиев.
Ол оқиғаның өткеніне екі күн болса да, әлі өз-өзіне келе алмай жүргенін жеткізді.
"Жануар да өз баласын қорғайды, мынау енді сұмдық қой. Баланың өлі денесі қоқыста жатыр. Әлі дұрыстап тамақ іше алмай жүрмін. Өзім де бала өсіріп отырмын. Бала киімімен жатты", - дейді Мәди Мұхаметқалиев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Сарқан ауданында бес жасар қыз баланың денесі қоқыстан табылғаны хабарланған еді.
Көп ұзамай полиция баланың анасының жеке басын анықтады.
Сонымен қатар нағашы ағасы бүлдіршіннің денесін неліктен қоқыс алаңына тастап кеткенін түсіндірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970203-ali-durystap-tamaq-ise-almai-zurmin-almaty-oblysynda-kuager-bes-zasar-balanyn-murdesin-qoqystan-qalai-tapqanyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.