Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қонақ үйден өрт шығып, 57 адам құтқарылды (видео)

Опубликовано:

Өрт
Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/almaty_kris_p

19 мамырда кешкі уақытта Алматыдағы қонақ үйлердің бірінен өрт шықты. Болған жайтты куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео almaty_kris_p Instagram парақшасында жарияланды. Онда өрттің Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан Hotel Plaza Almaty ғимаратынан шыққаны айтылады.

Кадрлардан соңғы қабаттағы адамдардың терезені сындыруға тырысып жатқанын аңғаруға болады.

Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар Hotel Plaza Almaty қонақ үйінен өрт шыққаны туралы хабарламаны алған бойда яғни, 19 мамыр күні сағат түнгі 22:21-де оқиға орнына аттанған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде алты қабатты қонақ үйдің төменгі қабатында орналасқан саунаның өртеніп жатқанын анықтаған.

Қою түтін барлық қабатқа жайылғандықтан, өз бөлмелерінде қамалып қалған қонақ үйдегі адамдардың өміріне қауіп төнген.

"Қонақ үй меймандары ғимараттың барлық дерлік терезесінен көмек сұрады", - дейді қалалық ТДЖ баспасөз қызметінен.

Ведомство өртті сөндіру үшін сол арада шұғыл түрде жедел штаб құрылып, құтқару жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Нәтижесінде барлығы 57 адам қауіпсіз жерге шығарылған.

Ал өрт 23:44-те толықтай сөндірілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970213-almatyda-qonaq-uiden-ort-sygyp-57-adam-qutqaryldy-video/

pixel