Елімізде 1-сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні қайта енгізіледі
Опубликовано:

Сенатта өткен парламенттік тыңдауда премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде 1-сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні қайта енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.
"Еңбекке баулудың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екені белгілі. Сол себепті жаңа оқу жылында 1-сыныптан бастап "Еңбекке баулу" пәні қайта енгізіледі", - дейді Ералы Тоғжанов.
Айтуынша, жоба ретінде мектептер жанында жылыжайлар ашу қолға алынады. Бүгіннің өзінде 7 пайызға жуық мектепте бұл тәжірибе бар.
"Сонымен қатар алғаш рет биылдан бастап мектептерде 7-сыныптан бастап болашақ мамандықты таңдауға бағыттайтын "педагог - кәсіптік бағдар беруші" маманы енгізіледі", - деп толықтырды вице-премьер.
Еске салайық, бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылынан бастап "өзін-өзі тану" пәні қалай оқытылатынын түсіндірген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970257-qazaqstan-mektepterinde-1-synyptan-bastap-enbekke-baulu-pani-qaita-engiziledi/