Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсары қаласының бұрынғы әкімінің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Құлсарының бұрынғы әкімі
Қаржау Шарғабаев. ВИдеодан кадр: t.me/qumash_kz

Әлеуметтік желіде Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкіміне қатысты видео пайда болды. Онда өзін Қаржау Шарғабаев деп таныстырған ер адам таныстарының өтініші бойынша түйіншек алуға келгенін айтқан. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Qumash Telegram арнасында жарияланды.

Кадрдан ер адамның Атырауға танысының өтініші бойынша, бір зат алып кетуге келгенін айтқанын байқауға болады. Сонымен қатар ол мұның не екенін білмейтінін, өтінген адамы дәрі деп айтқанын жеткізген.

Ал экс-әкімнен жауап алып тұрған жігіт белгісіз затты "есірткі" деп атайды.

Біршама уақыттан кейін Қаржау Шарғабаев өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында видео жариялап, 19 мамырда белгісіз адамдар шабуыл жасап, ұрып-соққанын хабарлады.

Бұған қатысты Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде. Өзге ақпарат заңнамаға сәйкес жария етуге жатпайды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970301-qulsary-qalasynyn-buryngy-akiminin-videosy-zelide-qyzu-talqyga-tusti/

pixel