Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтарлықтай қатер жоқ": Энергетика министрі Қазақстанда АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

АЭС
Көрнекі фото: pxhere.com

Энергетика министрі Болат Ақшолақов тұрғындармен кездсуде Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы туралы сөз қозғады. Министрдің пікірінше, бұл жоба елімізге қажет, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мәселені кездесу барысында елорда тұрғыны көтерген. Ол министрден Қазақстанға мұндай станцияның қаншалықты қажет екенін сұраған.

"Бізге станция қажет, біз көмірді бұрынғыдай көлемде пайдалана алмаймыз. Өкінішке қарай, бүгінде көмір станцияларын ешкім қаржыландырмайды. Газға қатысты жағдайды өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ол күн сайын азайып барады. Егер біз жаңа кен орындарын ашып, игеруге ақша салмасақ азая береді.

Атом станциясы барлық мәселені шешудің жолы емес, бірақ ол сынақтан өткен тұрақты энергия көзі", - деді Ақшолақов.

Дегенмен министр халық тарапынан атом электр станциясының құрылысына қатысты алаңдаушылық барын атап өтті.

"Иә, Қазақстанда оған (құрылысқа - ред.) қарсылық танытушылар, әртүрлі фобиялар бар. Мен оларды жақсы түсінемін. Көпшілігі бұрын Кеңес одағы кезінде болған полигонға байланысты.

Бұл негізсіз де емес шығар, бірақ азаматтық энергетика тұрғысынан айтарлықтай қатер жоқ... Мен тағы да қайталап айтамын: атом электр станциясы болашақтағы энергия тапшылығы мәселесін шешудің жақсы нұсқасы бола алады", - деді Энергетика министрі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970305-aitarlyqtai-qater-zoq-energetika-ministri-qazaqstanda-aes-qurylysyna-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel