Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн күркіреп, бұршақ жауады: Алдағы демалыста елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Бұлтты күн
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 21-23 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республика бойынша ауа райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, күн күркіреп, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік-батыста, сондай-ақ оңтүстік өңірлердің таулы және тау бөктеріндегі аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.

Батыста, солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Дегенмен батыста күндіз ауа температурасы 8-18 градустан 15-28 градусқа дейін аздап көтерілуі ықтимал.

Ал солтүстікте, орталықта күндіз сынап бағанасы 25-30 градустан 15-20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің оңтүстігі мен шығысында ауа температурасы 28-33 градустан 17-25 градусқа дейін төмендейді деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970313-kun-kurkirep-bursaq-zauady-aldagy-demalysta-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel