Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Әл-Фараби көшесінің бойындағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының дәрігері жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Жол-көлік оқиғасы кеше әл-Фараби даңғылында болып, салдарынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған медициналық мекемеге 20 жастағы үш адам түскен. Екі жігіттің миы шайқалып, дене жарақатын алғаны белгілі болды. Олардың жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта палатада жатыр.

"Біреуі ауыр жағдайда түсіп, бірден көмек көрсетілді. Ол өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Сол жерде қарқынды терапия жасалды...", - деді Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы реанимация және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Манас Абдылдаев.

Ол емдеу толық көлемде жүргізіліп жатқанын айтты. Сондай-ақ толық диагностикалық зерттеу жүргізілетінін, оған қаланың барлық мамандары шақырылғанын атап өтті.

Науқастардың бірі тексеріліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық емдеуге жіберілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыда ірі жол апатынан бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алғанын жазған едік.

Әл-Фараби даңғылында Toyota Camry Gracia мен Chevrolet Tracker соқтығысқан. Салдарынан Toyota жарнама бағанасына соғылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970318-almatydagy-al-farabi-kosesinin-boiyndagy-zol-apatynan-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-qalai/

pixel