Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның барлық өңірінде жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылмақ

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі сурет: pixabay.com

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сенатта Қазақстан жастарын баспанамен қамту бойынша ақпарат берді. Оның сөзінше, алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде жеңілдетілген бағдараламаларды іске қосу жоспарланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тоғжановтың хабарлауынша, баспана мәселесін шешу үшін "Ұлттық рухани жаңғыру" ұлттық жобасында тұрғын үй құрылысының барлық бағдарламасы аясында жас отбасыларға 25 пайыздық квота енгізу көзделген.

Одан бөлек, 2025 жылға дейін барлық өңірде әкімдіктермен бірлескен "Отбасы банкінің" жеңілдетілген ипотека бағдарламасын іске қосу жоспарланып отыр.

Вице-премьер-министрдің айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жастарға арналған аймақтық тұрғын үй бағдарламалары жүзеге асырылып жатыр. Енді жыл соңына дейін басқа өңірлерде де осы тектес бағдарламаларды іске қосу жоспарлануда.

"2019 жылдан бастап жұмыс істейтін жастар үшін 7 000 жалдамалаы баспана берілді. 2025 жылға дейін жұмыс істейтін жастарға 12 мың пәтер ұсыну жоспарланып отыр.

Жыл соңына дейін жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларына жастардың ай сайынғы табысын растау талабын 40 АЕК-тен 25 АЕК-ке дейін төмендету бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Бұл жастардың жалға берілетін баспана алу мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді", - деді Тоғжанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970320-qazaqstannyn-barlyq-onirinde-zastarga-arnalgan-turgyn-ui-bagdarlamasy-iske-qosylmaq/

pixel