Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл масқара ғой": Алматыда суды сатып алып ішіп отырған тұрғындар жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласындағы Өжет ықшам ауданының тұрғындары әлі күнге дейін суды бөтелкелеп сатып алып ішіп отырғанын айтады. Олардың сөзінше, бұл мәселе бойынша әкімдікке талай барып, табалдырықты тоздырған, бірақ нәтиже жоқ деп, хабарлайды Астана арнасы.

Тұрғындардың айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын мердігер компания көшелерге құбырды да жүргізіп қойған. Алайда су әлі де жоқ.

"Суымыз, канализациямыз жоқ. Өзім бірінші топтағы мүгедекпін. Жанымдағы көршім астматик. Жиенбаева және Рафиковада бір тал қасық су жоқ. Бұл масқара ғой, 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз", - дейді Өжет ықшам ауданында 16 жылдан бері тұратын Төлеухан Асылханова.

"Үйде өзімнің бір тонналық бөшкем бар. Сонымен көтеріп қаладан су алып келемін. 3-4 көршім содан алып тасиды. Қалғандары қаладан әкеледі", - дейді тағы бір тұрғын Жамбыл Ермаханбетов.

Тұрғындар мұндағы үйлердің кәріз жүйесіне де қосылмағанын айтады. Жауын-шашын кезінде су деңгейі көтеріліп, септикке жиналған лас су жер үстіне шығады дейді олар.

"Алматыдағы ең центрлі сауда орталығына тиіп тұрған жерде ауыз судың болмауы, канализацияның іске түспеуі, балалар ойнайтын алаңдардың болмауы және жаяу адамның көшелердегі жолы жасалмауы халықтың тұрмысына үлкен қиындықтар әкелуде", - дейді Өжет ықшам ауданының тағы бір тұрғыны Мырзағали Рамазанұлы.

Тұрғындардың жанайқайына қатысты пікір білдірген қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасындағылар аталмыш мәселеден хабардар екенін және тиісті жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткізді.

Олар судың жоқтығына кәріз сорғы станциясының дайын еместігі себеп болып отырғанын айтады.

"Басқарма тапсырысымен бүгінгі күні кәріз сорғы станциясы жобалары дайындалуда. Олар биылғы жылы жұмыстарын бастайды. Судың жоқышылығы біріншіден, "сигман" мердігер компаниясының жасаған жұмыстарының тексеріп жатырмыз, көптеген ақау бар", - дейді Алматы қалалық энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының сумен-газбен жабдықтау бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айдын Сылбырбаев.

Жауаптылардың мәліметінше, кәріз сорғы станциясының құрылысы, шамамен, 2023 жылы аяқталады. Станция жұмысы Өжеттен басқа да бірнеше ықшам ауданды кәріз жүйесімен қамтитын болады. Ал онан кейін су мәселесі де шешілмек.

Материал авторы: М. Жақан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970359-bul-masqara-goi-almatyda-sudy-satyp-alyp-isip-otyrgan-turgyndar-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel