Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік полицей атыраулық азаматқа 24 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған анасын табуға көмектесті

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Шымкентте учаскелік инспектор атыраулық азаматқа 24 жыл бұрын із-түзсіз жоғалған анасын табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттіктің мәліметінше, Қажымұқан Тлепиевтің анасы 1998 жылы Ақтөбе қаласынан тауар әкелуге кетіп, содан қайта оралмаған. Ол кезде Қажымұқан 16 жаста болған.

Бұл оқиғаға байланысты сол кезде әкесі жергілікті полицияға шағымданғанымен, іздеу шаралары нәтиже бермеген.

Кейін Қажымұқан өзі іздестіру жұмыстарын жүргізген, сөйтіп Қазақстан бойынша орталық база арқылы анасының тіркелген мекенжайын тапқан. Содан Шымкент қаласы полиция департаменті Абай АПБ-ның учаскелік инспекторы, полиция капитаны Абдумалик Уркимбаевпен байланысқа шығып, анасын іздеуге көмек сұраған.

Көрсетілген мекен-жай бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген полиция қызметкері Қажымұқанмен хабарласып, анасы туралы барлық ақпаратты тапқанын жеткізген.

Өкіншіке қарай, Қажымұқанның анасы 2014 жылы қайтыс болған.

"14 сәуірде Шымкентке келген Қажымұқанды учаскелік полиция қызметкері Абдумалик Уркимбаев күтіп алып, анасының мазарына алып барды. Анасы Шымкентке келіп отбасын құрған, бірақ 2014 жылдың 11-сәуірінде қайтыс болған. Ол анасын табуға көмектескен полиция қызметкеріне шексіз алғысын білдірді", - дейді Шымкент қаласы полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970362-symkenttik-policei-atyraulyq-azamatqa-24-zyl-buryn-iz-tuzsiz-zogalgan-anasyn-tabuga-komektesti/

pixel