Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды тоқтатты

Опубликовано:

несие 18
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еуразиялық банк жеңілдетілген автокредит бойынша өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, бағдарлама іске қосылған төрт күн ішінде бөлінген мемлекеттік лимит таусылып қалған.

20-мамырдағы жағдай бойынша банк бірінші транш лимитінің аяқталуына байланысты өтінім қабылдауды тоқтатқан.

16 мамырдан бері банк 9 мың өтінім қабылдаған. Болашақта мемлекеттен тағы бір транш бөлінеді деп күтілуде.

Өтінім қабылдауды қайта іске қосу жөнінде банк сайтында хабарланатын болады.

Айта кетейік, бұған дейін 4 пайыздық автонесиемен салоннан жаңа көлік алған бірінші адамның есімі белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970365-euraziyalyq-bank-zenildetilgen-avtokredit-boiynsa-otinim-qabyldaudy-toqtatty/

pixel