Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы жігіт ұсталды
Опубликовано:

Оралда ақша бопсалаған 23 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға қаланың ортасындағы орталық мешіт маңында болған.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, күні кеше сағат 17.20-да департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Ақсай қаласының тұрғынынан ақша бопсалаған 23 жастағы жас жігітті қолға түсірген.
"Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды". - деп хабарлады ведомстводан.
Еске салайық, осыған дейін Алматыда кәсіпкерден 260 мың доллар бопсалады деген күдікпен 41 жастағы ер адам ұсталғанын хабарлаған едік. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970376-oralda-aqsa-bopsalagan-23-zastagy-zigit-ustaldy/