Ақтөбеде 15 жастағы бала найзағай соғып қайтыс болды

Опубликовано:

Найзағай
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірде екі адамды найзағай соққанын хабарлады. Оқыс оқиғадан 15 жастағы жасөспірім қайтыс болып, 27 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

Оқиға 20 мамыр күні сағат 19:15-те тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағдай Ақтөбе қаласы Белогорка ауылы Мереке көшесінде тіркелген.

"Екі адамға найзағай соқты. 2007 жылы туған бала найзағай соғып, оқиға орнында көз жұмды, ал 27 жастағы ер адам Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Қазіргі уақытта жағдайы тұрақты",- деп хабарлайды Ақтөбе облысыныңтөтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Құтқарушы мамандар қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970394-aqtobede-15-zastagy-bala-naizagai-sogyp-qaitys-boldy/