Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы қалай

Опубликовано:

Аурухана 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкенттегі жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы өңірде өткен баспасөз конференциясында Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзінше, жарылыстан кейін Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықтың пациенттері №2 облыстық перинаталдық орталықтың ғимаратына, Шымкент қаласының №1, №2 қалалық ауруханаларына, қалалық перинаталдық орталыққа және облыстық балалар ауруханасына көшірілген. Олар дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында.

Министрлік өкілі Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының бастығы Марат Пашимовпен және медициналық ұйымдардың бірінші басшыларымен бірлесіп, жарылыс кезінде зардап шеккендер жатқызылған клиникаларды аралап шыққан.

"Екі пациенттің жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа 6 пациент бар, қажетті бейінді медициналық көмек толық көлемде көрсетілді. Науқастармен әңгімелесу жүргізілді, көрсетілетін медициналық көмектің сапасына пациенттер қанағаттанды", - деді Мағрипа Ембергенова.

Ол барлық жүкті әйел және жаңа туған нәресте ерекше бақылауға алынғанын жеткізді.

Ал осы оқиғаға байланысты арнайы комиссия жұмысқа кіріскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970467-symkenttegi-zarylystan-zardap-sekkenderdin-zagdaiy-qalai/

pixel