Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін еліміздің ірі үш қаласында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қызғалдақтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 23 мамырда Қазақстанның үш ірі қаласында күн райы жылы болады. Синоптиктердің болжамынша, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте жаңа аптаның алғашқы күні жауын-шашынсыз өтеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Бүгін күніз Алматыда жауын-шашын болмайы. Керісінше, күн жылынып, сынап бағанасы 17-19 градусқа дейін көтеріледі. Ал түнде синоптиктер мегаполисте жаңбыр жауады, сынап бағанасы 10-12 градусты көрсетеді деп болжап отыр. Сондай-ақ шаһарда жел 3-8 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында да күн жауын-шашынсыз болады. Сынап бағанасы 21-23 градус жылыны көрсетеді, дегенмен жел соғып, күші 9-14 м/с дейін жетуі мүмкін. Түнде 10-12 градус жылы болады деп болжануда.

Шымкентте жаңа апта жылы болып басталады. Мұнда сынап бағанасы 23-25 градус жылыны көрсетеді. Десе де синоптиктер жел 8-13 м/с дейін күшейетінін ескертті. Түнде мегаполисте 10-12 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970489-bugin-elimizdin-iri-us-qalasynda-aua-raiy-qandai-bolady/