Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяз, жаңбыр, бұршақ: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы қандай

Опубликовано:

Бұршақ
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Атап айтқанда, 26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта жаңбыр жауады деп күтіледі. Сонымен қатар бұл аймақтарда найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Осыдан кейін солтүстік-батыс антициклонның келуіне байланысты батыста жауын-шашын тоқтап, қалған өңірлерде ауа температурасы төмендеуі ықтимал.

Сондай-ақ синоптиктер 26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады деп болжап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1970944-ayaz-zanbyr-bursaq-sinoptikter-aldagy-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel