Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да жарылғыш зат туралы жалған хабарлама берген азамат сотталды

Опубликовано:

кісен11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

СҚО тұрғыны жарылғыш зат туралы жалған хабарлама бергені үшін сотталды. Ол екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Белгілі болғандай, 58 жастағы ауыл тұрғыны былтырғы жылдың соңында мас күйде ТЖД-ға қоңырау шалып, жарылғыш зат қойылғанын туралы хабарлаған.

Ол жарылыс қаупі бар зат Петропавлдағы көпқабатты үйлердің біріне қойылғанын айтқан. Ауыл тұрғыны үшін бұл әрекеті қылмыстық жауапкершілікпен аяқталды.

Күдікті Аққайың ауданының Қиялы ауылында ұсталды. Бұрын ол осындай қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеген.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар үшін бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделген. Бұл бағытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде", – деді СҚО ПД Экстремизге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971242-sqo-da-zarylgys-zat-turaly-zalgan-xabarlama-bergen-azamat-sottaldy/

pixel