Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының тұрғындарына демалыста сыртқа шықпауға кеңес берілді

Опубликовано:

жаңбыр
Көрнекі фото: hyser.com.ua

Қазгидромет алдағы демалыста Алматы облысында нөсер жауын, найзағай соғатынын болжады. Ауа райының бұзылуына орай төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға барынша сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"28 мамыр күні Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр, бұршақ жаууы, дауылды жел соғуы, күн күркіреп, найзағай түсуі күтіледі. Солтүстік-батыстан, Батыстын жел соғады, желдің екпіні 24-29 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департменті тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шықырып, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға кеңес берді.

"ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын сақтауға шақырады. Дауылды ескертулер, және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін "Дәрмен" тегін мобильді қосымшасын жүктеп алыңыздар", - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971428-almaty-oblysynyn-turgyndaryna-demalysta-syrtqa-syqpauga-kenes-berildi/

pixel