Елемізде өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі еліміз бойынша COVID-19 жұқтырғандардың жаңа статистикасын жариялады. Оған сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 9 адамнан анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Өңірлер бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 3,
Алматы қаласында - 5,
Солтүстік Қазақстан облысында - 1.
Жалпы пандемия басталғалы елімізде коронавирус жұқтырудың 1 305 732 жағдайы тіркелді.
Еске сала кетейік, 26 мамыр күні коронавирус инфекциясы сегіз адамнан анықталған болатын. Індетке шалдыққандар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қарағанды және Павлодар облыстарының тұрғындары болып шықты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971436-elemizde-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/