Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед ұрлығымен айналысқан ​әкесі мен баласы ұсталды

Опубликовано:

Мопед
Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыда мопедтер ұрлаған әкесі мен баласы ұсталды. Екі айыпталушы да кінәсын мойындады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасына бірден үш мопедтің ұрланғаны туралы арыз келіп түскен.

"Криминалистердің табысты жұмысының арқасында барлық жағдайда да бір адамнаң іс-әрекеті екендігі анықталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында жергілікті тұрғындар анықталып, ұрылар ұсталды. Олар 1979 жылы туған С. есімді азамат және оның 2002 жылы туған ұлы.  Ұрланған мопедтер де табылды.  Әкесі мен баласы қылмысты түнде жасағаны анықталды.  Екі айыпталушы да қылмысын мойындады", - деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Думан Аухадиев.

Тәртіп сақшылары азаматтарға мотокөлік құралы қауіпсіздігі үшін шаралар қабылдауға шақырады. Ал егер ұрлық орын алған болса, тезірек әрекет ету үшін арыз жазған кезде өндіруші-зауыт берген сериялық нөмірді көрсету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971440-almatyda-moped-urlygymen-ainalysqan-akesi-men-balasy-ustaldy/

pixel