Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропаға жаңа бағыттар ашылып, бірқатар елге рейстер саны артады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Елімізде халықаралық рейстер саны артады. Жаз мезгілінде 18 бағыт бойынша 81 жаңа рейс ашылады, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті ресми Telegram-каналында.

Ведомствоның мәліметінше, халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісі аптасына 433 рейске дейін артады.

"Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және әлемдегі карантиндік шектеулердің жеңілдеуіне байланысты ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық әуе тасымалдардың бағыттық желісін қалпына келтіру және кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жазғы кезеңде туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында рейстер саны 99 бағыт бойынша (81-ден 99 бағытқа дейін) аптасына 81 рейске (352-ден аптасына 433 рейске дейін) артады", - дейді Азаматтық авиация комитетінен.

Сонымен қатар комитет Италия, Чехия және Грецияға жаңа рейстер ашылып жатқанын, ал Түркия, Мысыр, Грузия және Ресейге рейстер саны артып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971506-europaga-zana-bagyttar-asylyp-birqatar-elge-reister-sany-artady/

pixel