Жас жігіт баланың сөзін сөйлеген: Петропавлда автобустың ішінде төбелес болды
Опубликовано:

Петропавлда қоғамдық көліктің ішінде ер адам мен жас жігіттің төбелесіп қалды. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тараған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі petro_online тобында жарияланды.
Жазба авторының айтуынша, бейтаныс жігіт әкесі ренжіткен баланың сөзін сөйлеген. Салдарынан қоғамдық көліктің ішінде төбелес шыққан.
"Келеңсіз жағдай №7 автобуста болды. Бейтаныс жігіт 10 жасар балаға болысты. Баланың ата-анасы мас күйде ұлына бейәдеп сөздер айта бастады. Сонымен қатар "аузыңды жап, әйтпесе сындырып тастаймын" деп қорқытты. Осыдан кейін төбелес басталып кетті", - делінген жарияланған видеоның жазбасында.
Бұған қатысты Петропавл қалалық полиция басқармасы пікір білдірді.
"Бұл тұлғалардың әрекеті Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы "Ұсақ бұзақылық" бойынша құқықбұзушылық ретінде қарастырылған. Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылар анықталып жатыр", - деп хабарлады полицейлер.
Ал видеоға пікір қалдырған қала тұрғындары баланың ата-анасын жауапқа тартуды, сонымен қатар отбасын тексеруді талап етті.
"Бала осыдан кейін ата-анасымен қалай бірге өмір сүреді?", "Ата-анасы қоғамдық көлікте осында әрекеттерге барып жатыр. Ал үйінде не істейтіні қорқынышты", "Дәл осындай ата-аналарды құқық қорғау органдарының мамандары тексеріп, жазалау керек", - деді олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971563-zas-zigit-balanyn-sozin-soilegen-petropavlda-avtobustyn-isinde-tobeles-boldy/