Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 167 бас малды ұрлады деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

үйір жылқы
Видеодан кадр: polisia.kz

Павлодар облысында 167 бас малды ұрлаған ддеген күдікпен ұйымдасқан қылмыстық топ қолға түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары арнайы операция кезінде Семей қаласында 40 бас жылқыны қолды еткендерді ұстады. Қылмыстық топ бес адамнан құралған.

Олар Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында барлығы 167 бас малды қолды қылды деген күдікке ілініп отыр.

Тінту кезінде қылмыстық топтан ұрланған 67 жылқы, көлік және екі мотоцикл тәркіленді.

Қылмыстық топқа қатысты Қылмыстық кодекстің 262-бабы ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша іс қозғалды.

Күдіктілер қылмыстық топты құрып, оған басшылық еткені және қатысқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971599-pavlodar-oblysynda-167-bas-maldy-urlady-degen-kudikpen-qylmystyq-top-ustaldy/

pixel