Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Опубликовано:

Бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қамауда ұстау мерзімі 20 маусымға дейін ұзартылды", - делінген соттың баспасөз қызметінен.
Одан бөлек экс-министрдің ісі әлі сотқа түспеген.
Еске салсақ, Мұрат Бектанов биыл 19 қаңтарда қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрдің командирлік қабілет көрсете алмағанын сынға алған болатын.
Ақпан айының соңында Бас прокуратура Бектановтың ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
Ведомствоның мәліметінше, экс-министрдің іс-әрекеттері Қылмыстық кодекстің 451-бабы 3-бөлігі (билікті асыра пайдалану) бойынша қарастырылуда.
Егер кінәсі дәлелдесе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971664-eks-qorganys-ministri-murat-bektanovty-qamauda-ustau-merzimi-uzartyldy/