Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында көлік жыраға аударылып, екі адам зардап шекті

Опубликовано:

Көлік
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодар облысында көлік жыраға аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 29 мамыр күні сағат 18.00 шамасында Қалқаман – Майқайың тас жолының 42 шақырымында "BMW-528" маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі көлігімен жыраға аударылып  кеткен. 

"Салдарынан жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізілуде", –  деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында 1990 және 1995 жылғы  екі азаматтың да жағдайы ауыр екенін хабарлады. 

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын оңтүстік астанада көлік жоғары жылдамдықпен кафе алдындағы жазғы алаңға кіріп кеткен еді. Салдарынан бір әйел зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971719-pavlodar-oblysynda-kolik-zyraga-audarylyp6-eki-adam-zardap-sekti/

pixel