Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін": Алдағы үш күнде елімізде күн суытады

Опубликовано:

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер мамырдың соңы мен маусым айының басында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, мамыр айының соңғы күні ел аумағының басым бөлігіне Сібір циклоны әсер етеді.

Осыған байланысты кей өңірлерде найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.

Ал 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді.

Одан бөлек 1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971724-2-gradusqa-deiin-usik-zurui-mumkin-aldagy-us-kunde-elimizde-kun-suytady/

pixel