Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атасына пранк жасаған арудың әрекеті көптің талқысына түсті

Опубликовано:

Атасына пранк жасады
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде немересінің атасына жасаған пранктың видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан немересінің атасына "теледидар сынып қалды" деп пранк жасағанын байқауға болады.

Видеоға пікір білдіргендердің басым бөлігі пранктың күлкілі болғанын және бұны қайталағысы келетіндерін жазған.

Cонымен қатар қарияның сабырлы екенін сөз етіп, оған ұзақ ғұмыр тілегендер де табылды.

Арасында атасымен қалжыңдасқан немересіне ақыл-кеңес бергендер де кездесті. Олардың пікірінше, қарттарға пранк жасау - дұрыс емес.

"Жасы үлкен адаммен ойнау дұрыс емес", "Дәл бұлай ойнауға болмайды үлкен кісімен", "Пранк деген негізі дұрыс емес. Абайлайық бауырлар. Қалжыңдаймын деп қазыналы қарттарымыздың көңіліне қаяу түсіріп алмайық", "Қарияға пранк жасағанды дұрыс деп санамаймын", - деп жазуда пікір қалдырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971740-bul-oiyn-emes-atasyna-prank-zasagan-arudyn-areketi-koptin-talqysyna-tusti/

pixel