Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында пара беруге оқталған спорт саласындағы лауазымды тұлғалар сот алдына келді

Опубликовано:

пара беру
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қызылорда облысында пара беруге оқталған спорт саласындағы лауазымды тұлғаларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми каналында.

Антикордың мәліметінше, 27 мамырда Қызылорда облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты сот үкімі шыққан. Оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

Одан бөлек олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры - Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаевқа да сот үкімі шыққан. Оларға 10-нан 20 миллион теңгеге дейін айыппұл салынған.

"Жоғарыда аталған барлық тұлға облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Ведомство сот үкім заңды күшіне енбегенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971748-qyzylorda-oblysynda-para-beruge-oqtalgan-sport-salasyndagy-lauazymdy-tulgalar-sot-aldyna-keldi/

pixel