Тоқаев қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.
Айта кетейік, 31 мамыр - елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Қазақстанда 1997 жылдан бері тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіп келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971750-toqaev-qugyn-surgin-zane-asarsylyq-qurbandarynyn-ruxyna-arnap-quran-oqytty/