Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті (фото)

Опубликовано:

Президент гүл шоғын қоюда
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми каналында хабарлады.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Мемлекет басшысы ескерткішке гүл шоғын қойып, саяси қуғын-сүргін және ашаршылық кезінде құрбан болғандардың рухына тағзым еткен.

Президент Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына тағзым етті
Фото: t.me/bort_01

Іс-шараға нәубет жылдары зардап шеккен отандастарымыздың жақындары мен туыстары қатысты.

"1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументі
"1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым" монументі. Фото: t.me/bort_01

Айта кетейік, бұған дейін президент елордадағы Хазірет Сұлтан мешітіне барып, қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына арнап құран оқытқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971759-prezident-sayasi-qugyn-surgin-zane-asarsylyq-qurbandarynyn-ruxyna-tagzym-etti-foto/