Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының кейбір аудандарында электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Опубликовано:

Электр желілері
Көрнекі фото: pixabay.com

1 және 2 маусымда Алматының Көк-Қайнар, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарында электр желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

"Алматыдағы Көк-Қайнар, Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 шағын аудандарындағы электр желілерінде жоспарланған жөндеу жұмыстары абоненттерді ажыратпай (жарықтан-ред) жүргізіледі",- деді "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ баспасөз қызметі.

Аталған тұрғын үй алаптарының аумағында орналасқан үйлерге электр энергиясы әдеттегі режимде берілетін болады.

Айта кетейік, бұған дейін 18 мамырда Алматының Бостандық ауданында кейбір ғимараттар ыстық судан ажыратылған болатын.

Сол күні таңғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Жароков – Әл-Фараби – Гагарин – Ходжанов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарға ыстық су берілмеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1971816-almatynyn-keibir-audandarynda-elektr-zelilerine-zondeu-zumystary-zurgiziledi/

pixel